Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ел астанасын ауыстырмақ

24.11.2025, 1:10 89

Иран президенті Масуд Пезешкиан ел астанасын Тегеран қаласынан басқа жерге көшіру қажеттілігі туралы тағы мәлімдеді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Fars агенттігінің хабарлауынша, президенттің шешіміне қала халқының шамадан тыс көптігі мен су тапшылығы себеп болды. Пезешкиан мегаполис халқының саны өсе берсе, су ресурстары барлық тұрғынды қамтамасыз етуге жеткіліксіз болатынын атап өтті.

— Бізде басқа амал жоқ. Бұл қажеттілік, — деп мәлімдеді президент.

Пезешкиан сондай-ақ бұл мәселенің тек Тегеранға ғана емес, Иранның басқа да бірнеше аймағына әсер еткенін қосты.

Қараша айының басында Иран астанасының тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ететін негізгі су көзі екі апта ішінде тартылып қалуы ықтимал екенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Тегеранда су тапшылығы күрт артып, билік тұрғындарды көшіру ықтималдығына амалсыз көніп, эвакуацияға қамданып жатқанын хабарладық.

Бұған дейін Иран билігі құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарда жасанды түрде жаңбыр жаудыру үшін химиялық реагенттерді шашыратуға кірісті.

Abai.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: