Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа жылдан бастап зейнетақыға қанша қосылады?

17.11.2025, 0:15 146

2026 жылдан бастап елімізде зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды, деп жазады halyqline.kz тілшісі Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

Сенатқа Мәжіліс қабылдаған 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы келіп түсті.

Құжатқа сәйкес, зейнеткерлік жасқа байланысты төленетін және еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақы төлемдеріне бөлінетін қаражат көлемін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 пайызға арттыру деп жоспарланып отыр.

Заң бойынша 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдерге келесі көрсеткіштер белгіленеді:

ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге;
ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге;
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4325 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: