Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Осындай сұмдықты көрем деп ойламаппын»: Байден Трампты қатаң сынға алды

11.11.2025, 9:50 98

HALYQLINE.KZ

Небраскада жақтастарының алдында сөз сөйлеген Байден қазіргі Ақ үй басшысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасына сілтеме жасаған Nur.kz.

Бұрынғы АҚШ президенті Джо Байденнің айтуынша, алдағы 4 жылда барлық америкалық отбасы Трамптан зардап шегеді. Сондықтан демократиялық партия жақтастарын бірігіп, Трампқа тоқтау қоюға шақырды.

«Демократиялық партия оралады. Біз Трамптың Американы құртып, өміріміздің быт-шытын шығарғанына қол қусырып қарап отыра алмаймыз. Негізі Трамп бізге жұмыс істеуі керек. Біз оған емес. Қартайған шағымда осындай сұмдықты көрем деп ойламаппын. Талай АҚШ президенті отырған Ақ үйдің шығыс бөлігін бірер айда жоқ қылды. Осылай жалғаса берсе, ұзаққа шыдамаймыз», — деді Байден.

Байден, сонымен қатар денсаулық сақтау саласының проблемасын да қозғады. Қатерлі дертке шалдығып, ем алып жатқан ол ауруханалардың жабылып жатқанына налыды.

«Қатерлі ісікті зерттеп, оның емдеу жолдарын іздеп жатқан дәрігерлерге тоқтамай, сағаттап алғыс айтсақ та жарасады. Мен оны өз басымнан өткеріп жатырмын. Бірақ дәл осы біз тұрған Небраска штатында биылдың өзінде 300 аурухананың жабылатынын естігенде жүрегім қатты ауырды. Енді науқастар қайда барады? Дәрігерлер нанын қалай тауып жейді? Осының барлығы Трамптың кесірі», — дейді Байден.

Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: