9 қарашада Шиелі ауданының Алмалы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.
Саяси науқанда 1213 сайлаушы дауыс беруге құқылы. 1 учаске жұмыс істеп, 7 комиссия мүшесі қызмет атқаратын болады.
Комиссия мүшелері сайлаушылар үшін QR белгісі бар шақыру қағаздарын таратты.
Сайлауға кандидат ретінде 3 азамат тіркелді. Олардың бәрі де өзін-өзі ұсынған.
Кандидаттар 8 қарашаға дейін үгіт жұмыстарын жүргізуге құқылы.
Дауыс беру таңғы сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!