«Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Арман» мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы және аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Үлгілі келін – 2025» байқауы өтті.
Шараның мақсаты – келіндердің ізеттілігін, инабаттылығын, салт-дәстүрді ұстануын, отбасы құндылықтарын құрметтеу. Жас ұрпақ бойындағы жан сұлулығы мен қатар әдет-ғұрыптың қалыптасуына, заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу.
Байқауда келіндер ережеге сәйкес 4 кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салып, бақ сынасты.
Қазылар алқасының шешімімен: бас жүлде (150 000 тг) – Билалова Айымға бұйырды. Ал, І орынды 100 000 тг) – Жұмабаева Жұмакүл жеңіп алса, ІІ орынды (70 000 тг) – Дүйсебай Меруерт қанжығалады. Сондай-ақ ІІІ орындар (30 000 тг) – Өмірзақ Шапағат пен Әбенова Мөлдірге табысталды.
Байқау жеңімпаздарына І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар берілсе, қалған қатысушыларға алғыс хат пен 10 000 теңгеден ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!