Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Онлайн-сервис «жатып қалған»: «Қайрат» – «Пафос» кездесуінің билеттері қолжетімсіз

14.10.2025, 16:15 140

HALYQLINE.KZ

Билет сату платформасы таңертеңнен бері істемей тұр. Көптеген жанкүйер сатып алу әрекетін жасағанымен, жүйе қате хабарламасын шығарады немесе сайт мүлде ашылмайды, деп жазады penalty.kz.

САТУ  ЖҮЙЕСІ  ІСТЕН  ШЫҚТЫ

Таңнан бері онлайн-сервис «жатып қалған». Бұл жағдай билеттер сатылымға шыққаннан кейін бірнеше сағат өткен соң болды. Айта кетейік, Чемпиондар лигасының Алматыдағы ойынына билет сатылымы алдын ала басталған еді.

Алайда сатылым басталған сәттен-ақ техникалық ақаулар мен жоғары бағаға байланысты шағымдар көбейді.

ЖАНКҮЙЕРЛЕРДІ  БАҒА  ТАҢҒАЛДЫРДЫ

Билеттердің құны 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін жеткен. Бұл көптеген жанкүйердің наразылығын тудырды.

Әлеуметтік желілерде футбол сүйер қауым билеттердің қолжетімсіз екенін айтып, ұйымдастырушыларды сынға алды.

Кейбір қолданушылар тіпті әзіл ретінде:

«Сайт істемей тұрған себебі – ұйымдастырушылар бағаларды тез арада өзгертіп жатыр», — деп жазды.

Сұлтан  ДАНИЯР,

сарапшы, спорт журналисі

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: