Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Медицина ардагерін мерейтойымен құттықтады

08.10.2025, 11:15 112

 Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы медицина саласының ардагері Қайбалды Ахметовты 85 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, арнайы қабылдады.

Медицина ардагерi еңбек жолын Арал ауданы Ақбай елді мекенiнде бастаса, одан соң Қамбаш селолық ауруханасында, облыстық психоневрологиялық ауруханасында дәрігер, облыстық мемлекеттік мүгедектiктi сараптау тағайындау бөлiмiнде аға бақылаушы болып қызмет атқарған. Яғни 55 жыл медицина-әлеуметтік саласына еңбек сіңірген медицина ардагерi, одан бөлек 40 жыл облыстық есiту қабiлетiн оңалту филиалын басқарған бiлiктi көшбасшы болып зейнетке шыққан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: