Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Журналист жаңа қызметке тағайындалды

07.10.2025, 15:42 179

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Медиа орталық» жетекшісі м.а. қызметіне Бекенов Қамбар Ғалымұлы тағайындалды.

Қамбар Ғалымұлы 1985 жылы 12 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2002-2007 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінде «Лингвистика» мамандығы бойынша білім алған.

2007-2012 жж. – «Қазақстан» РТРК АҚ Қызылорда облыстық телеарнасының «жаңалықтар» бөлімінде редактор, диктор, редактор-стилист қызметін атқарған.

2012-2025 жж. — «Хабар» Агенттігі» АҚ 24 kz және Хабар телеарнасының Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі болған.

2025 жылдың басынан осы кезге дейін республикалық 7-арнаның Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарып келген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: