Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда кімдерге ең жоғары жалақы ұсынылады?

07.10.2025, 10:30 311

Фото: ©El.kz/Арман Мухатов


HeadHunter сарапшыларының мәліметінше, 2025 жылдың шілде-қыркүйек айларында Қазақстан бойынша медианалық ұсынылған айлық жалақы 268 970 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға төмен, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Ең жоғары жалақы – елордада

Астана әлі де ең жоғары жалақысы бар қала болып отыр. Мұнда медианалық жалақы мөлшері 280 013 теңгеге тең. Дегенмен бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға азайған. Екінші орында – Алматы қаласы, онда медианалық жалақы – 274 422 теңге, яғни бір жылда 8,3%-ға төмендеген. Екі мегаполисте де көрсеткіш төмендегенімен, олар жалақы деңгейі бойынша көшбасшылық орнын сақтап отыр.

Жалақысы артқан қалалар:

Қостанай – 255 431 теңге (+6,3%)
Павлодар – 235 807 теңге (+1,6%)
Көкшетау – 232 956 теңге (+1,3%)
Тараз – 217 247 теңге (+0,6%)

Сарапшылардың пікірінше, бұл қалалардағы өсім баяу болғанымен, тұрақты сипатқа ие және жергілікті еңбек нарықтарының біртіндеп жанданып келе жатқанын көрсетеді.

Ал жалақысы төмендеген өңірлер:

Қарағанды (-3,2%)
Шымкент (-2,0%)
Семей (-6,4%)
Өскемен (-8,2%)
Ақтау (-8,5%)
Орал (-6,9%)

Ең айтарлықтай төмендеу Атырауда тіркелген. Мұнда медианалық айлық 193 819 теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 20,4%-ға қысқарған. Бұл барлық өңірлер арасындағы ең үлкен төмендеу болып тіркелді.

Сарапшылар қорытындысында:

2025 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстанның еңбек нарығы ірі қалаларда жалақы деңгейінің шамалы түзетуін көрсетіп отыр. Ал аймақтық орталықтар, әсіресе Қостанай, Павлодар және Көкшетау қалалары, біртіндеп оң қарқын байқатып, ел бойынша жалақы ұсыныстарының теңесуіне ықпал етуде, – делінген талдауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: