Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алғашқы қар жауды

01.10.2025, 16:00 180

Жамбыл облысының басым бөлігінде күн суытып, жауын-шашын жауды. Өңірге биыл алғашқы қар белгіленген мерзімнен бір айдан астам уақыт бұрын түсті, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғындары 1 қазанның өзінде күннің күрт суытқанын сезінді. Күндізгі температура + 3-5°C шамасында болды, жауын-шашын болды. Бұл синоптиктер үшін күтпеген жағдай еді, бір күн бұрын таратылған болжамда тек жаңбыр жауатыны айтылған, дегенмен «Қазгидромет» күн райының бұзылатыны туралы ескерту жасаған.

– Облыстың таулы аймақтарында түнде нөсер болып, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Күн күркіреп, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, – деп хабарлады ведомство.

Қар ұшқыны әлі дымқыл жерге тиген бойда еріп, суға айналып жатыр. Бірақ алғашқы қардың жауғаны назардан тыс қалған жоқ — тұрғындар әлеуметтік желіде суреттерімен бөлісіп, қазанда күтпеген күн райына қуанышын білдіріп отыр.

Алайда облыстың солтүстік және солтүстік-батыс аудандарда қар жауған жоқ. Ол жақта күн жылырақ – Сарысу мен Мойынқұм аудандарында термометр +8°C, ал Қаратауда +5°C шамасында.

Фото: Алексей Поляков/Kazinform

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: