Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық оқушылар үздік нәтиже көрсетті

22.09.2025, 14:25 194

Оқу-ағарту министрлігі мен «Талап» КеАҚ ұйымдастыруымен Алматы қаласында мектеп оқушылары арасында «JasSkills Kazakhstan – 2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Бұл байқау – жұмысшы мамандықтар жылын жүзеге асыру бағытындағы маңызды іс-шаралардың бірі болып саналады.

Байқаудың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында жұмысшы кәсіптерін дәріптеу, оқушылардың ерте кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету және олардың саналы түрде мамандық таңдауына жол ашу. Сонымен бірге, қатысушылар өздерінің алғашқы кәсіптік дағдыларымен бөлісіп, болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттырды.

Қызылорда облысынан 7 құзыреттілік бойынша 7 оқушы бақ сынап, өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Олар өңір намысын абыроймен қорғап, кәсіби бағдар беруде үлкен жетістікке жетті.

Байқау нәтижесінде бірнеше оқушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, «Web-технология» құзыреттілігі бойынша С.Толыбеков атындағы №3 ІТ-мектеп-лицей оқушысы Көбенов Дидар І орынды иеленді. Ал «Өндірістік және инженерлік технологиялар» құзыреттілігі бойынша №290 орта мектеп оқушысы Орынбасар Айбек ІІ орын алды. Сондай-ақ, «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ-мектеп-лицей оқушысы Темірбай Арайлым ІІІ орынға ие болды.

Сонымен қатар, бірнеше қатысушы арнайы дипломдармен марапатталды. Атап айтсақ, «Наубайхана шеберлігі» бойынша №290 орта мектеп оқушысы Бақытжан Кәусар, «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша С.Толыбеков атындағы №3 ІТ-мектеп-лицей оқушысы Измахан Заңғар, және «Мейрамхана қызмет көрсетуі» құзыреттілігі бойынша №9 мектеп-гимназия оқушысы Тұрлыбай Бағжан үздіктер қатарынан көрінді.

Бұл жетістіктер – жас таланттардың еңбегінің, ұстаздардың қолдауы мен бағыт-бағдарының жемісі. Осындай байқаулар оқушылардың кәсіби болашағын айқындап қана қоймай, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: