Солтүстік Аралға шамамен 5 млрд текше метр су жіберіліп, су айдынының көлемі 24,4 млрд текше метрге дейін ұлғайды.
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап
– Су шаруашылығы саласындағы маңызды бағыттардың бірі — Аралды қалпына келтіру мәселесі. Министрлік құрылған сәттен бастап Солтүстік Аралға шамамен 5 млрд текше метр су жіберіліп, су айдынының көлемі 24,4 млрд текше метрге дейін ұлғайды. Қазір Дүниежүзілік банктің гранты есебінен «Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру және өңірлік дамыту» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр, – деді Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында.
Министрліктің мәліметі бойынша, аталған жоба аясында Солтүстік Арал теңізін құрғатпай, Көкарал бөгетінің биіктігін 2 метрге көтеру, сондай-ақ Қамыстыбас және Ақшатау көлінің су деңгейін толықтыру және ұстап тұру үшін Аманөткел-2 гидроторабын салу қарастырылып жатыр.
«Жалпы, жүргізіліп жатқан іс-шаралар кешені — инфрақұрылымдық нысандарды салу және жаңғырту, су үнемдеу және цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған. Сонымен қатар климаттық тәуекел артуы жағдайында елдің су ресурсын тұрақты пайдалануды қамтамасыз етуге мән беріледі», – дейді ведомство басшысы.
Фото: Pinterest
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!