Жақыпбек Махамбетов ауылында «Бақыт кілті» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен шағын грант бойынша ауыл маңындағы баққа 200 метр қоршау орнату жұмыстары жүргізілді.
«Таза ауыл» жобасы аясында ауылдың экологиялық мәселесін шешу, тұрғындарды тазалық мәселесіне жұмылдыру, тазалық сақтамағандарға қарастырылған айыппұлдар туралы ақпарат беріліп, тазалыққа үндейтін постерлер ауыл чаттарына таратылуда. Ауыл тұрғындарын тазалыққа шақыратын, туған өлкені жасыл желекке айналдыруға үлес қосатын әлеуметтік маңызы бар жобаға тұрғындар белсене атсалысты. Мектеп, балабақша, жергілікті қоғамдастық мүшелеріне шағын гранттарға өтінім тапсыру, «Таза Қазақстан» жобасының маңызы, «Қалдықтарды қайта өңдеудің, оларды бөлек жинаудың маңызы туралы» экологиялық ірі жобалардың авторы Баймаханова Айнагүл тренинг өткізді.
Тазалық — табалдырықтан басталады, ел үшін жасалған игі істерге ауыл тұрғындарын жұмылдырған өміршең жобалардың қатары аймағымызда арта түсуде.
Жоба, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында “КАМЕДА” қоғамдық қорының шағын грантының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!