Жалағаш ауданы әкімі Ардақ Ибраимов аудан активіне жаңадан сайланған Мәдениет ауылдық округінің әкімін таныстырды.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңына сәйкес аудандық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде 2025 жылғы 31 тамызға Мәдениет ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді. Сайлау науқаны барысында тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады.
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңына және аудандық сайлау комиссиясының сайланған әкімдерді тіркеу туралы шешіміне сәйкес Оразбаев Ардақ Дәулетбайұлы Мәдениет ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды.
Актив отырысында аудан әкімі жаңадан сайланған ауыл әкімінің қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар міндеттер жүктеді.
“Ауылдық округ әкіміне қойылатын талаптар өте жоғары. Елді мекенде қоғамдық-саяси ахуалды қамтамасыз етіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамыту бағытында аянбай еңбек ету қажет. Ауылға инвестиция тарту, салық базасын ұлғайту, кәсіпкерлікті дамыта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жұмыс жасауды тапсырамын. Қызметіңізге сәттілік тілеймін!» – деді аудан әкімі А.Ибраимов.
Оразбаев Ардақ Дәулетбайұлы 1974 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1998 жылы Қызылорда политехникалық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы «Мәдениет» шаруашылық серіктестігінде есепші, 1998-1999 жылдары «Жұлдыз» шаруа қожалығында есепші, 1999-2005 жылдары Мәдениет ауылдық округі әкімінің аппаратында шаруашылық жөніндегі маман, 2005-2007 жылдары Мырзабай ахун ауылдық округі әкімінің аппаратының маманы болып жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап осы кезге дейін Мәдениет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келді.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!