Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ХҚКО аумағында жайлы орта қалыптасты

19.08.2025, 10:30 144

HALYQLINE.KZ

Бүгін Шиелі ауданы әкімі Айтбай Жандарбеков аудан ардагерлерімен және тиісті сала басшыларымен бірге Шиелі кентіндегі абаттандыру, көркейту және көгалдандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп жазады баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, А.Яссауи мен Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) алды абаттандырылып, тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастырылды. Сонымен қатар, көлік қозғалысын реттеу және кептелістің алдын алу мақсатында бағдаршам орнатылды.

Қазіргі таңда ХҚКО аумағында:

заманауи автотұрақ салынды;

лазерлі әдіспен кесілген декоративті темір қоршаулар орнатылды;

бастырмалы орындықтар қойылды;

жаяу жүргіншілер жолы төселді;

түнгі жарықтандыру шамдары мен екі шамды декоративті бағаналар қойылып, абаттандыру жұмыстары аяқталған.

Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда. Жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі сапаға ерекше көңіл бөліп, мердігер мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: