Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралда пара алған полицей ұсталды

22.07.2025, 8:55 181

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облыстық полиция департаменті Арал ауданында тәртіп сақшысының пара алып ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

– Қызылорда облысы полиция департаменті қызметкерінің заңсыз іс-әрекетіне қатысты қылмыстық іс тіркелді. Басқа мәліметтер Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабының талабына сәйкес жарияланбайды, — делінген хабарламада. 

Департамент заң бұзушының мәртебесіне қарамастан кез келген заңсыз әрекетті қатаң айыптайтынын мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта тіркелген деректің барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Дереккөз: inbusiness.kz

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: