Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаршадай қазақ баласы қос рекорд орнатып, алтыннан алқа тақты

08.07.2025, 11:50 197

Астанада ауыр атлетикадан өтіп жатқан жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Едіге Емберді өз мықтылығын дәлелдеді.

Дәл осы салмақта екінші бір қазақстандық спортшының да мерейі үстем болды.

Спортты дамыту дирекциясы негізгі бәсеке тек үш спортшының арасында өткенін жазады. Ересектер арасында Азия чемпионатының төртінші орын иегері атанған өзбекстандық Хайитбой Абдушукуров, өткен жылы әлем рекордын жаңартып, 73 келідегі чемпион атанған Ақжол Құрманбек және жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Едіге Емберді бар күш-жігерін салып, өзара жеңімпазды анықтаған.

Жарыс қорытындысында Едіге Емберді серпе көтеру және қос сайыстың қорытындысында екі бірдей Азия рекордын жаңартып, үздік деп танылды.

79 келі салмақ, 14 қатысушы:

Едіге Емберді – 347 келі (153+194);

Ақжол Құрманбек – 343 келі (151+192);

Хайитбой Абдушукуров – 337 келі (152+185).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: