Қаржы мониторингі агенттігі осы жылы 300 мыңнан астам азамат зардап шеккенін мәлімдеп отыр.
Биыл 5 заңсыз микроқаржы ұйымы қызметін тоқтатқанын да еске салады.
Негізінен, мұндай ұйымдар заңды несиелеу түрінде қызмет көрсетсе де, шын мәнінде қарыз алушыларға түрлі қосымша төлем мен пайыздарды, сақтандыру жарналарын міндеттеп жібереді. Аталған әдістермен олар сыйақы мөлшерлемесіне қатысты заңмен белгіленген шектеулерді айналып өтуге дағдыланған.
– Қарыз алмас бұрын, оның барлық шартын мұқият оқып, түсініп алыңыз. Әрбір азаматтың не үшін төлем жасап жатқанын білуге толық құқығы бар. Заңды МҚҰ (микроқаржы ұйымдары) «Тексерусіз» және «барлығына беріледі» деген уәделермен жұмыс істемейді, – делінген агенттік хабарламасында.
Сол себепті, азаматтар өзіне жүктелген қарызды бірнеше есе көп пайызбен төлеуге мәжбүр саналып, қаржылық дағдарысқа ұшырайды. 2025 жылдың басынан бері Қаржы мониторингі агенттігі 5 заңсыз микроқаржы ұйымының қызметіне шектеу қойған. Бұл ұйымдардан 300 мыңнан аса азамат зардап шегіп, олар төлеген жалпы артық төлем сомасы 71 миллиард теңгеден асып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!