Кеше Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Нажмедденұлы Әбдіқадырдың қатысуымен Жаңақорған мен Шиелі ауданында мемлекеттік қызметшілерге арналған түсіндірме жиыны өтті.
Жиынның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндіру және қызметтік әдепті қалыптастыру.
Жаңақорғанда өткен жиынға аудан әкімдігінің аппарат басшысы Рүстем Ибрагим және мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Басқосу барысында қызметтік әдебі, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы және моральдық-этикалық нормаларға қатысты мәселелер кеңінен сөз болды.
Сондай-ақ, елімізде соңғы жылдары құмар ойындарға тәуелділік пен лудоманияның кең етек алып келе жатқанына да тоқталып өтті. Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшілерге заңмен ойын бизнесіне қатысуға қатаң тыйым салынғаны, сондай-ақ, осындай тәуелділіктің қызметтік этика мен қоғамдық абыройға төндіретін қатерін кеңінен түсіндірді.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан пікір алмасу болып, мемлекеттік қызметшілер тарапынан заң талаптарын бұзбау, әдеп нормаларын сақтау сынды ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылды.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Ал, Шиелі ауданындағы жиынға аудан әкімдігінің аппарат басшысы Ғалымжан Каримов және мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Басқосу барысында қызметтік әдебі, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы және моральдық-этикалық нормаларға қатысты мәселелер кеңінен сөз болды.
Бағдат Нажмедденұлы мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен олардың әдебі – мемлекеттік органдарға деген сенімнің негізі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл «Amanat» партиясының Шиелі аудандық филиалы ғимаратында мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!