Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аспаз бен тігінші

30.05.2025, 7:00 181

HALYQLINE.KZ

(Тағылымды  әңгіме)

Аспаз костюм тіктіру үшін жақын маңдағы тігін шеберханасына барыпты…

Қарапайым тігінші өлшемін алып жатқанда аспаз:

«Мен жергілікті аспазбын, бірақ әлемге әйгілі мейрамханада шебер аспаз болуды армандаймын…

Мен бүкіл әлемге саяхаттап, әлемдегі басқа аспаздардан тамақ дайындаудың көптеген әдісі мен кеңесін үйренгім келеді…

Мен жасаған ас-тағамдарымның бүкіл әлемге танымал болғанын қалаймын», — деп айтыпты…

Тігінші жағымды жымиып:

«Шынымен таңғаларлық», — депті…

«Өмірде нені армандайсың?», — деп сұрады аспаз тігіншіден…

Тігінші басын шайқап:

«Мен өмірімде ештеңе туралы армандамаймын», — деп күбірлепті…

Аспазға бұл сөз өте күлкілі естілгендіктен, күлкісін тоқтата алмады…

Ақырында, мазақ қылған үнімен:

«Не? Сен жетістік туралы армандамайсың ба?

Неткен күлкілі және мәнсіз нәрсе еді…

Болашақ туралы армандамай, өміріңді босқа өткізіп жатырсың…

Сен мәңгі кедей қалпыңда қаласың ғой…

Жетістікке жетуге деген ешқандай мақсат болмайды…

Бұл неткен мағынасыздық еді, тігінші мырза», — депті…

Тігінші ештеңе айтпастан күлімсіреп, өлшеуді аяқтады…

Көп ұзамай, бір күні аспаз үйінде отырып газеттен шынымен таң қалдыратын адам сенгісіз нәрсені оқыпты…

Әлгі тігінші штаттағы ең қымбат сарайлардың бірін 50 миллион долларға сатып алғаны туралы жаңалық газетте жазылған екен…

Аспаздың таңғалғаны сонша, ол тігіншіге жылдам жетіп барыпты…

Барған бойда ол:

«Сен маған жетістік туралы армандамаймын деген едің…

Мұндай қымбат сарайды қалай сатып алдың?», — деп сұрады…

Тігінші жымиып:

«Өмірде біреулер табысқа жетуді армандайтын болса, ал біреулер табысқа жету үшін жұмыс істейді…

Мен табыс туралы армандамаймын…

Мен табысқа жету үшін жұмыс істеймін…

Бұл екеуі екі түрлі нәрсе…

Қалай болғанда да, мен елдегі ең бай тігін компаниясын құрып жатқанымды саған айтып қояйын», — деп жауап беріпті…

Табысқа жетуді қаласаң, армандау маңызды…

Бірақ жетістікке жету үшін жұмыс істеу – ең үлкен сынақ…

Бұл сынақпен бетпе-бет келген адамдар ғана табысқа жете алады…

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: