Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады»: Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

23.04.2025, 9:45 302

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Руслан Желдібайдың Telegram-дағы арнасында жазуынша, былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген.

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленген. Атаулы күнге орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтаған.

«Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады», — делінген құттықтауда.

Фото: ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: