Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент «Жастар» саябағында ағаш екті

21.04.2025, 14:45 238

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жалғасуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Айта кетелік, «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында ел бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқаптарын толықтырған.

Фото: akorda.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: