Сәуір айының 10-ымен мамыр айының 6-сы аралығында Қызылорда қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет көрсетілетін Аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Бұл іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалар мен жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында және тұрғын үйлерден тыс уақытта ересектердің еріп жүруінсіз болуын болдырмау.
Ата-аналарға арналған ақпарат:
Сағат 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін кәмелетке толмағанның болуына және оны заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз келесі ойын-сауық орындарына жіберуге тыйым салынады:
- ойын мекемелері,
- түнгі клубтар,
- кафе-барлар,
- мейрамханалар,
- интернет-кафе,
- компьютерлік және бильярд клубтары,
- боулинг клубтары мен кинотеатрлар,
- ойын-сауық мақсатындағы объектілер және театр, спорттық, мәдени-демалыс сипатындағы қызметтер көрсетілетін басқа да ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар.
Тұрғын үйден тыс жерде, таңғы сағат 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін кәмелетке толмағандарға, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуға тыйым салынады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!