Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық қор ақшасы неге тым қарқынды жұмсалып жатыр?

08.03.2025, 0:42 258

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қордан ақша алудың қарқыны туралы пікір білдірді.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

“Жылдың алғашқы екі айында Ұлттық қордан бюджетке алынған трансферт көлемі 1 трлн теңгеден асып кетті. Ал биылға алынатын трансферттің жалпы көлемі 5,25 трлн теңге болып белгіленген еді. Кейбір сарапшылар былтырғыдай Ұлттық қордан ақша алудың қарқынын арттырады деп болжап жатыр. Былтырғыдай жағдай қайталанбай ма”,- деп сұрады журналист Ұлттық банк ұйымдастырған баспасөз мәслихатында.

Тимур Сүлейменов бұл мәселе бойынша Үкіметпен байланыста жұмыс істеп отырғандарын айтты. 

“Қазіргі қарқын бізді де ойландырып отыр. Трансферттер шектен тыс тез игеріліп, кейінгі жылдың соңғы онкүндігінде ішкі нарықтағы шетел валютасының ұсынысы түгесіліп қалмауы керек. Салық мәселелерінің де белгілі бір маусымдық сипаты бар. Мемлекеттік кірістер комитеті солай түсіндірді. Қазір Ұлттық қордан аударылатын трансферттердің орнын басатын негізгі салық түсімдері сәуір айында түсе бастайды. Сондықтан біз оны қадағалап отырамыз. Квазимемлекеттік сектор акцияларына қатысты жағдай қайталанбайды деп үміттенемін. Біздің ұстанымымыз — бұлай қайталанбау керек. Ондай жоспарымыз да, болжамымыз да жоқ. Біз бұл мәселеде өте ұстамды ұстанымда боламыз”, — деді Ұлттық банк төрағасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: