Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түрлі салада еңбек етіп жүрген аруларға құрмет көрсетілді

06.03.2025, 14:15 62

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының алаңында түрлі салаларда ерлермен иық тірестіре еңбек етіп жүрген әйелдер қауымымен кездесу өтті.

Мерекелік іс – шарада партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов егемен елдің өркендеуі жолында әйелдер қауымының алар орны ерекше екенін айтып, игі тілегін жеткізді.

«Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыройға жетуі мен Сыр өлкесінің қол жеткен жетістіктерінің барлығында бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелдер қауымының қолтаңбасы бар. Сіздер отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп, қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келесіздер. Қазіргі елімізде әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің – өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі ретінде әлеуметтік қорғалу мен өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріліп отыр.

Соңғы жылдары Президент бастамаларының арқасында елімізде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытында маңызды өзгерістер енгізген саяси реформалар жүзеге асырылды. Бақытты ана мен балалар өмірін жақсарту бойынша жүйелі реформалар Мемлекет басшысының Жолдауларында және оның сайлауалды бағдарламасында, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қаматылған. Қазір көпбалалы аналарға арналған жәрдемақы мөлшері ұлғайтылды, барлық бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Осы жылдың басында «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылды, оның аясында әр бала инвестициялық табыстан ақша алу мүмкіндігіне ие болды. Өз кезегінде, «AMANAT» партиясы да әйелдердің құқығын барынша қолдап келеді. Мәселен, партияның Әйелдер қанатының тікелей қатысуымен әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заң әзірленді, партиялық тізімдерде гендерлік квоталар енгізілді. «Tomiris» жобасы аясында әйелдердің саяси көшбасшылын дамытуға арналған оқыту курстары ұйымдастырылуда. «Балаңа уақыт арна!», «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты» секілді көптеген партиялық бастамалар мен жобалар әйелдердің мүддесін қорғауға бағытталған. Алыптың да анадан туатынын ескерсек, нәзік жандыларға деген құрмет те, қошемет те, қолдау мен қорғау да мемлекеттік тұрғыда күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе болып қала береді»-деді құттықтау сөзінде Алмасбек Есмаханов.

Бүгінгі таңда «AMANAT» партиясының Қызылорда облысы бойынша бойынша 46 мыңнан астам партия мүшесі бар болса, оның 60 пайыздан астамын әйелдер қауымы құрайды. Облыстағы барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «AMANAT» партиясының 125 мандатының 23-і әйелдер үлесінде. Олар партияның облыстық филиалы жанындағы түрлі кеңестерге, фракция жұмысына белсене араласып, беделді еңбек етіп келеді.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: