Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Гүлдей нәзік, болаттай берік» фестивалі қорытындыланды

04.03.2025, 12:20 45

“Гүлдей нәзік, болаттай берік” фестивалі мәресіне жетті.

Тұңғыш рет өткізілген шара аймақтағы жұмысшы қыз-келіншектердің кәсібилігін көпшілікке танытуды мақсат етеді.

Қарапайым еңбек адамдарының адал еңбегі мен жетістігін дәріптеген шара шежірелі Шиелі ауданынан бастау алып, Сырдария ауданында түйінделді. Әр ауданнан алуан түрлі мамандық иелері қатысып, 12 қатысушы үздік деп танылды.

Қорытынды іс-шарада сөз алған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова ару-аналарды мерейлі мерекемен құттықтап,жылы лебізін білдірді.

Жүзден жүйрік шыққан үздік 12 қатысушыға облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың атынан Алғыс хат табысталды. Шырайлы шарада Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ерәлиев пен үш дүркін “Алтын домбыра” иегері Мұхтар Ниязов келген көпшілікке әйел затының қоғамдағы рөлі турасында есті әңгімелерін арнады.

Фестиваль жыл сайын дәстүрлі сипатта жалғасатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: