Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылөзектегі қынулы қимыл

05.02.2025, 18:40 24

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылөзек ауылдық округінің әкімі Сәкен Әбдіжаппар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы ауылдық округ көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

– 2024 жылдан бастап 2025 жылға өтпелі кезеңмен 1 млрд 645 млн теңгені құрайтын ауылда үлкен жобалар жүзеге асырылуда. Жобалардың бірі, ауыл тұрғындарының ең өзекті болып келген мәселесі – электр желілерін қайта жаңғырту. Бұл жоба аясында өткен жылы 1 дана КТПН орнатылып, 3,0 шақырым ВЛ-10 кВ заманауи СИП электр желісі жүргізілді. «ДСУ» учаскесіне электр желісі жеткізіліп, жаңа СНПЭ-500/10 электр насостық қондырғысы арқылы Қараөзек елді мекені аяқ сумен толық қамтамасыз етіліп, мәселе өз шешімін тауып отыр. Бұдан бөлек, 3,2 шақырымды құрайтын 3 көшеге жол құрылысы салынуда. Биыл жол жөндеу жұмыстары Д.Сариев, М.Жабағыұлы және Ж.Жабаев көшелерінде жалғасатын болады. 2024 жылы А.Құнанбаев көшесіне түнгі жарық бағаналары орнатылып, Арғын көшесінен жаттығу алаңы салынды. Осы жылы Қорқыт Ата көшесін жарықтандыруды, Қараөзек бекетіне балалар ойын алаңын салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, Қараөзек ауылына кіреберістегі «Қожақ» автомобиль көпіріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деді ауылдық округ әкімі Сәкен Нысанұлы.

Ауылдық округте 190 кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. Өткен жылы жаңадан 30 кәсіпкерлік нысан тіркеліп, 27 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды. Мемлекеттік бағдарламаларға жүгінген кәсіпкерлердің 75 млн 400 мың теңгені құрайтын 13 жобасы қаржыландырылған. Оның ішінде, 4 тұрғын 5 млн 920 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік қайтарымсыз грант иеленіп, өз кәсіптерін бастады. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 476 гектар жерге картоп, көкөніс, бақша дақылдары егіліп, одан 1378 тонна картоп, 2536 тонна көкөніс, 2466 тонна бақша өнімдері жиналды. Ал мал саны 9 970 басқа жетті.

– Өткен жылы ауылды газдандыру бағытындағы жұмыстар бастау алып, «Дос Строй Проект» ЖШС мекемесі газдандыру жұмысының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуде. Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған соң, жобаны қаржыландыру жөнінде республикалық бюджетке ұсыным беріледі, – деп қорытындылады ауыл әкімі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: