Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаланы аяқсумен қамту – басты мәселе

30.05.2020, 13:21 1341

Қызылорда қаласын абаттандыру, көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу қала әкімінің басты назарында.
            Жалпы, облыс орталығының тұрғындарына қолайлы жағдай жасау, қаланың күрделі экологиясын жақсарту – басты мәселелердің бірі. Сырдария өзені мен Оңжаға магистралдық каналы өтіп жатқанына қарамастан, қаланың аяқ сумен қамтылу көрсеткіші 30-35 пайызды ғана құрауда. Қала жағдайын, оның экологиясын реттейтін осы күрделі мәселе бүгінге дейін шешімін таппай келеді.
Қала көлемінде көркейту-көгалдандыру жұмыстарына және қала іргесіндегі саяжайлардағы бау-бақшалардың аяқ сумен толық қамтылмауына байланысты тұрғындардың ауызсу желілерін пайдалану деректері жиі орын алуда.

  Қазіргі таңда қала аумағының орталығындағы арық жүйелері Жібек жолы, Сарқырама магистралды каналдары арқылы аяқ сумен қамтамасыз етілуде. Осы жұмыстар барысында да шешілмеген мәселелер жетерлік және шешімін табу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.

  Атап айтар болсақ, жеке сектор тұрғындарының құрылыс жүргізу жұмыстары барысында аяқ су жүретін арық жүйелерін түрлі тұрмыстық қатты қалдықтарын арық жүйелеріне тастау салдарынан арық жүйелері көміліп қалған және толықтай аяқ су жүруіне кедергі келтіруде.
Осыған байланысты бюджеттен бөлінген қаражат шеңберінде арық жүйелерін тазалап, су өткізгіш құбырлар орнату арқылы аяқ су беру жұмыстары атқарылуда.

  Жалпы қала бойынша ұзындығы 54,6 шақырым арық жүйелері мен 31,3 шақырым болатын 19 каналдар бойында 13 насос қондырғылары бар.
Сонымен қатар, қала көше бойларындағы жасыл желектерді суғаруға арналған арнайы жерасты ұңғымаларыда жұмыс жасауда. «Қызылорда Тазалығы» ЖШС арнайы техникаларымен қала көше бойларындағы бітелген аяқ су өткізгіш құбырлары тазаланып, жарамсыздары ауыстырылуда.
Қаладағы Абай даңғылы мен Назарбаев даңғылдары бойларына және 25 жердегі аллеялар мен скверлер аумақтарына тагетис, бархатцы, катарантус, филозит, целозия, пеларгония, цинни гүлдері мен газон егіліп, күтіліп-бапталуда. Бірінші Президент атындағы саябаққа ақтерек пен көк терек және сыр талдары, Абай даңғылы бойына қысқа бойлы декоративті люгустурм көшеттері егілген.

  «ЗеленСтрой» ЖШС және «Әл-Арқа жолы» ЖШС Б.Шөкенов саябағына 800 түп терек, 80 түп тұя отырғызса, қоғам белсендісі Болат Нұрхожаев өз қаражаты есебінен Н.Назарбаев даңғылы мен С. Бейбарыс көше бойына ағаш көшеттерін отырғызып, күтіп баптауда.

  Қоғам белсенділері бейжай қарамай ерікті түрде жанашырлықпен қалаға өз үлестерін қосқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Қаламыздың әсем де әдемі болуы Сіз бен Біздің қолымызда!

Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: