Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі кен орнының басшысымен кездесті

17.01.2025, 18:35 49

HALYQLINE.KZ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Семізбай U» уран кен орнының бас директоры Біржан Сатанов және орынбасары Қайрат Утяповпен кездесті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Кездесуде аймақтың экономикалық дамуы, әлеуметтік бағдарламалар, экология және әкімдікпен серіктестік мәселелері талқыланды.

Тараптар салық түсімдерін арттыру, өндірістік тиімділікті көтеру, жұмысқа орналастыру және оқуға гранттар беру, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық әсерді азайту жөніндегі жоспарларды қарастырды.

Әсіресе, жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларға ерекше назар аударылды.

«Семізбай-U» серіктестігі 2006 жылы Ақмола облысындағы уран кен орнын игеру үшін құрылған. Құрылтайшылары – «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК», Beijing Sino-Kaz Uranium Resources Investment Company Limited компаниялары. Құрамына Ақмола облысындағы «Семізбай» кен орны, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Семізбай» филиалы, Қызылорда облысындағы «Иіркөл» кен орны кіреді. Негізгі қызметі – уран өндіру және өңдеу, уран құрамды рудалардан өнім дайындау және сату.

«Иiркөл» кен орны 1971 жылы ашылып, 1975-1985 жылдары бұрғылау арқылы барлау жүргізілген. КСРО Мемлекеттік қорлар комиссиясы уран қорының көлемін 29 541 тонна деп бекіткен. Кен орны 2008 жылы пайдалануға беріліп, 2010 жылы жобалық қуаттылығы 700 тоннаға жетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: