Оқиға 16 қаңтар күні түс ауа Шымкент қаласындағы «Асар» шағын ауданында орын алған. Сәби жансақтау бөліміне жатқызылған, жағдайы өте ауыр деп бағаланған, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала үлкендердің қарауынсыз қалып, терезенің жанында ойнап жүрген.
«Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көмек көрсету және әрі қарайғы әрекеттерді үйлестіру үшін оқиға орнына жедел жетті. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», деп хабарлады Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Шымкентте осындай 8 жағдай орын алған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!