Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент тапсырмасын орындамағандар жазаланады!

26.11.2024, 16:50 42

HALYQLINE.KZ

Президенттің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы жарлығына тиісті өзгерістер енгізілді.

Қазір мемлекеттік саяси қызметшілер:

 өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамағаны;

лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны;

қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзғаны;

заңдарда белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін тәртіптік жазаға тартылатын.

Енді осы тізімнің қатарына президенттің тапсырмаларын орындамағаны үшін қолданылатын жаза қосылды. Яғни Президент тапсырмаларын, сондай-ақ ҚР Президенті әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін шенеуніктер тәртіптік жазаға тартылады.

Фото: kadry.mcfr.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: