Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырды

27.05.2020, 14:05 976

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында Үкіметке ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырды.

 – Қазіргі таңда көпшілік оқытушылардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймын. Біз «Педагогтар мәртебесі» заңы аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық. Бірақ іс жүзінде ЖОО оқытушыларының жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан аз болып қалды. Осыған орай, Үкімет ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыру керек, – деді Президент.

«Халық» газеті бұған дейін осы мәселеге орай арнайы «Жоғары білім береді, Төменгі айлық алады» атты мақала жазған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: