Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр елінде 9 спорт нысаны салынады

27.05.2020, 11:40 504

HALYQLINE.KZ  «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында облыстың спорт саласында 22 жоба бар. Оның 9-ы – жаңа құрылыс жұмыстары. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов баяндады.

– Аталмыш 9 жоба аясында Қызылорда қаласында байдарка және каноэ есу базасы салынды. Бұл спорт түрі соңғы 4-5 жыл көлемінде қарқынды дамуда. Облысымыздан шыққан 12 спортшы ҚР Ұлттық құрамасына енген. Сондай-ақ, қала және аудандарда 8 стритбол алаңы салынады. Бұл халықтың спорт нысандарына қолжетімділігін арттыруға және спортты дамытуға септігін тигізеді», – деді Жақсылық Әбдімәлікұлы.

Сонымен қатар, облыс көлемінде біршама спорт нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, жеңімпаздар анықталды. Бүгінде құрылыс және жөндеу жұмыстары басталып кетті. Осы орайда 180-ге жуық жұмыссыз тұрғын жұмыспен қамтылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: