Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада Сыр өңірі тауар өндірушілерінің көрмесі өтті

08.11.2024, 17:25 989

Көрмеге 40-тан астам кәсіпкер қатысып, өнімдерін халыққа ұсынды.

Шараны «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы ұйымның құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырды. Өңірлік орталықтан қаржы алып, кәсібін ашқан кәсіпкерлер көрмеге тауарларын қойып, бақ сынады.

Облыстық көрмеге облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Бекболат Шәріпбеков, өзге де салаға қатысты мемлекеттік орган өкілдері мен қаржы институттарының басшылары, кәсіпкерлер қатысты.

Өңірлік көрмеде кәсіпкерлердің тауарлары:

  • Азық-түлік өнімдері өндірісі;
  • Құрылыс материалдары;
  • Жеңіл өнеркәсіп;
    -Тұрмыстық химия өнімдерін және қайта өңдеу өнеркәсібін өндіру бағыттары бойынша бағаланды. Арнайы құрылған комиссия мүшелері жеңімпаздарды анықтады.

«Азық-түлік өнімдері өндірісі» бағыты бойынша:

  • І орынға тосап өндірісімен айналысатын ЖК «Барлыбаев» (Шиелі ауданы);
  • ІІ орынға жүгері шырынын шығаратын ЖК «Тәуекел» (Жаңақорған ауданы);
  • ІІІ орынға бал өнімдерін ұсынушы ЖК «Жания» (Сырдария ауданы) ие болды.

«Құрылыс материалдары» бағыты бойынша:

  • І орынға шыны пластик құбырларын шығаратын «Завод композитных труб» ЖШС (Қызылорда қаласы);
  • ІІ орынға құрылысқа қажет желім шығарушы «ВЕГА-Пром» ЖШС (Қызылорда қаласы);
  • ІІІ орынға құрғақ қоспалар шығаратын ЖК «Айдан» (Шиелі ауданы) ие болды.

«Жеңіл өнеркәсіп» бағыты бойынша:

  • І орынға тігін және ағаштан бұйымдар жасаушы ЖК «Айқын» (Сырдария ауданы);
  • ІІ орынға тігінмен айналысушы ЖК «Анеля» (Шиелі ауданы);
  • ІІІ орынға қолғап шығаратын ЖК «Гүлзира» (Сырдария ауданы) ие болды.

«Тұрмыстық химия өнімдерін және қайта өңдеу өнеркәсібін өндіру» бағыты бойынша:

  • І орынға кір жуғыш ұнтақ пен сабын шығаратын ДК «Әділет» (Қызылорда қаласы);
  • ІІ орынға ағаш бұйымдарын шығаратын ЖК «Нұртөре» (Қызылорда қаласы);
  • ІІІ орынға ұлттық аспаптар жасайтын «Жетіген саз аспаптары» ЖШС (Қызылорда қаласы) ие болды.

Жеңімпаздарды облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев арнайы дипломдармен марапаттады. Ал «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығының директоры Талғат Матаевқа облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтау хатын тапсырды.

Сонымен бірге, Өңірлік инвестициялық орталықты құруға, қалыптастыруға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарды алғыс хатпен

  • Махамбетов Асқар Аралбайұлы;
  • Наурызбаева Жұмагүл Ысқаққызы;
  • Сыздық Пірмұхаммед Айтбайұлы ,
  • Тасқараев Мұрат Ибрагимұлы;
  • Ерниязов Самат Нұрахметұлы;
  • Досмаханов Руслан Аманайұлы марапаттады.

Көрмеге белсенді қатысқан кәсіпкерлерге Өңірлік орталық директоры Талғат Матаев алғыс хат табыстады.

Айта кету керек, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы 2014 жылдың 23 қыркүйегінде облыс әкімінің қаулысы негізінде ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті өркендету мақсатында құрылып, аймақтың кәсіпкерлік әлеуетін дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бағытында тиімді жұмыс жасап келеді.

Орталық 10 жылдың ішінде жалпы құны 14,9 млрд теңгені құрайтын 2752 жобаны қаржыландырып, нәтижесінде облыста 3000 жаңа жұмыс орнының ашылуына жағдай жасады.

Сондай-ақ, биыл облыс әкімі Өңірлік орталыққа жаңа пилот жобаны жүзеге асыруды жүктеді. Бюджеттен 1,5 млрд теңге қаржы бөліп, басымдықты өндіріске беруді тапсырды. Бүгінде жобалар қаржыландырылуда.

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық

орталығының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: