Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еркек жалғыздығы әйел көзқарасымен

24.10.2024, 7:00 130

HALYQLINE.KZ

Кейде мен еркек болу жайында қатты ойланамын. Олар жайлы, еркектер қауымы жайлы өкінішке орай көбісі ойлана бермейді. Ерлер қалай өмір сүріп жатыр? Тіпті оларға қарағанда итбалықтар жайында көбірек ойланып, күрсінетін секілдіміз. Әйелдер қауымын мысалға алайықшы. Біз тек әр дүниеге екіжақты қараймыз. Жақсы көреді немесе жақсы көрмейді, келеді-келмейді, істейді не істемейді, көзге шөп салды немесе салмады. Ал ерлер қауымы бұның бәрін естіп, зығырданы шықса да, сабырлық танытады, көз жұма қарайды. Кейін не жұмысына барғысы келмейді, не әйелін көргісі келмейді, тіпті артылған барлық жауапкершіліктен құтылып, бәрін ұмытсам дейді. Егер ол қандай да бір істі дұрыс жасамаса, ол – «есуас». Ал бізде, яки әйелдерде бәрі керісінше, әлдеқайда оңай қабылдаймыз. Менің жұмысымда мәселе туындады ма? «Есесіне менің күйеуім жақсы». Менің не күйеуім, не балам жоқ? «Қойшы, менің тырнағыма қарашы. Алдында ғана пәленбай сомға істеткем». Семізбін бе? «Мейлі, Пәленше менен де семізірек». Ал еркектерде «есесіне» деген кілтті сөз жұмыс істемейтін сияқты. Менде қымбат бентли автокөлігі бар, бірақ сүйікті әйелім жоқ. «Қап, сондай жолым болмағыр адаммын». Ал егер әйелің болып, жөнді автокөлігің болмаса, тағы «ақымақ» болып шыға келесің. Олар алдымен бәсекеге, артынша иерархияға бөлінген. Рас айтамын, мен ешқашан еркек бола алмас едім. Мен әлсіз әрі жұмсақпын. Кейде жылы көрпемді жамылып, жылап та аламын. Бірақ, мұным үшін ешкімнен сөз естімеймін. Өзіме де өкпелемеуім мүмкін. Ал, батырларда, яғни еркектерге тіпті өзін аяуға болмайды.

Қаншалықты орманнан алыс болсам, соншалықты азырақ түсінемін. Кейде ойланамын. Арасында ерлерді түсініп, қабылдап, керек кезінде жылу беріп, қарапайым шәй беруді әдет қылу керек секілді. Дегенмен, бұл үрдіс бір күндеп, айлап созылмай, ұзаққа дейін барған кезде ғана ер адамның нағыз болмысы ашылатын сияқты. Ойымша, бұл жағдайда ерлер мен әйелдер жайында таптаурындар жоғалады, жыныс деген ұғым жойылады. Мына ғаламда тек бір-бірін түсіне білетін, сүйетін қос ересек адам қалатындай. Қолдайтын, шын сүйетін…

Мен бұл жайлы өмірімде бірінші мәрте ойланып отырмын. Менің ойымша, олар уақыт өте келе жалғызсырап, әйелдердің жеке эгосы мен карьерасына арналған курстарға небәрі жағымсыз кейіпкер ретінде құрбан болып келе жатқан сияқты. Ал олар бұл жайында ешкіммен бөлісе алмайды, айта да алмайды. Ерлер қауымына деген аянышым сонша, олардан енді ештеңе сұрап, талап етпейтін де шығармын.

Несін жасырайын, табысты әйелдер үшін мүмкін мен де «аянышты» шығармын. Менде не шуба, күйеу, оны қойшы күнделікті «Қайырлы таң», Қайырлы түн» деп жазатын «шүйкебас» та жоқ.

Орыс тілінен аударған Айтілес ЖАЙШЫЛЫҚ

 Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: