Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тереңөзек түлей түседі

11.10.2024, 8:45 142

HALYQLINE.KZ

Абаттандыру, қайта жаңғырту, жөндеу… Қысқасы, тындырымды тірліктің бәрі Тереңөзекте болып жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында бір топ журналист Сырдария ауданының орталығындағы жағымды жаңалықтармен танысып, бірнеше орынның құрылысына да куә болды. Мәселен, А.Иманов көшесінің бойында салынып жатқан «Жастар» аллеясы аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізілуде. Жоба қолданысқа берілген соң кенттің ең көрікті орнының біріне айналмақ. Одан бөлек, жергілікті белсенді жастардың көмегімен аллеяны көркейту-көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылса, түрлі көңілді кештер де дәл осы жерде өтетін болады.

– Облыс әкімінің қолдауымен Тереңөзек кентінде абаттандырудан бөлек, жаяу жүргіншілер жолдары салынып, көпқабатты тұрғын үйлер де күрделі жөндеуден өтіп жатыр. «Тағзым» алаңында да қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл, бір жағынан, тұрғындарға демалыс орны болсын деген ниетпен де жасап жатырмыз. Балаларға арналған ойын алаңы да дәл осы жерге салынатын болады. Айта кету керек, Тереңөзек кентінде 9 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта 6 көшенің жұмысы толық басталды. Ең алдымен әлеуметтік нысандар орналасқан көшелер қамтылды. Бұл жұмыстар келесі жылы да жүзеге асатын болады. Ал көпқабатты тұрғын үйлердің аула аумақтарын қайта жаңғырту жобасы бойынша да қазір бірнеше жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде А.Иманов көшесінде орналасқан 6 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтуде, – деді Тереңөзек кентінің әкімі Ержан Бақтияров.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: