Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жеке мәселелер бойынша қабылдау өтті

27.09.2024, 17:55 246

«AMANAT» партиясының қалалық филиалы ғимаратында қала әкімі Нұржан Ахатов және қалалық полиция бақсармасының бастығы Дәулет Беркімбаев тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауға 40-қа жуық тұрғын келді. Басым көпшілігі тұрғын үй, әлеуметтік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, жол, кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін көтерді.

Қала әкімі Нұржан Сәбитұлы тұрғындарды тыңдап, барлық мәселе жіті тексеруден өтетінін, әрі қарай заңды негізде шешім қабылданатынын жеткізді.

Ашықтық пен жариялылық жұмыс тиімділігін арттырады десек, алдағы уақытта тұрғындардың уәждері бойынша мәселелер зерделеніп, салалар бойынша тиісті жұмыстар жүзеге асырылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: