Ауыл шаруашылығы саласын дамытуды мақсат еткен Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғыны Хасен Кененбаев «Егін шаруашылығы» жобасы аясында табысты жұмыс атқаруда. Кәсіпкер биыл «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы «Іскер» бағдарламасымен 6 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, қияр шаруашылығын дамытуға кіріскен.
»Бүгінде еңбек етіп, кәсібін дамытамын деген азаматқа мүмкіндіктер өте көп. Ең бастысы – ерінбей еңбек ету. Қияр жинау ісін жеңілдету үшін тракторды пайдаланамын. Жай трактор емес, оны түрлендіріп, сыйымдылығы 4 адамға лайықталған тіркеме жалғағанмын. Бұл техниканың әзірше елімізде баламасы жоқ деуге болады,» – дейді Хасен Кененбаев.
1 гектар егістік алқабында екі күн сайын жарты тоннаға жуық қияр жиналады. Бұдан бөлек, келесі 1 гектар алқапта қызанақ пісіп жатса, келесі алқапта қарбыз өнімі тұрғындарға сатылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!