Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Алтын белбеу» жарысы мәресіне жетті

08.08.2024, 17:05 365

Екі күнге созылған қазақ күресінен XV облыстық «Алтын белбеу» жарысы мәресіне жетті. Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында ұйымдастырылған кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер, жастар және ересектер сайысында барлығы 36 салмақ бойынша белдесулер өтті.

«Евразия» спорт кешеніндегі тартысты сайысты тамашалауға келген көрермендер әр салмақтағы белдесулерден соң түйе палуандардың бәсекесіне куә болды. 12 спортшы бақ сынаған додада ІІІ орын Айбек Серікбаевқа бұйырып, «Сыр сұңқары» атанды.

Ал Еламан Ерғалиев пен Мақсат Исағабыловтың арасындағы ақтық сында, жеңіс – Еламан Ерғалиевтің қанжығасында кетті. Осылайша, «Алтын белбеу » жарысының қорытындысымен 2024 жылдың «Сыр барысы» атағын Еламан Ерғалиев иеленді. Ал күміс жүлде иегері – Мақсат Исағабылов «Сыр арланы» деп танылды. Аталған қос спортшы алдағы өтетін «Қазақстан барысы» додасында аймақ намысын қорғайтын болады.

Белдесулерден соң марапаттау рәсімі өтіп, әр салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар үйлестірілді. Ал түйе палуандардың жеңімпазы мен жүлдегерлеріне алтын белбеу тағылып, иықтарына шапан жабылып, арнайы дайындалған ақшалай сыйлықтар үйлестірілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: