Бүгінде қаламызда жылыжай ісін дамытуды қолға алғандардың қатары артып келеді. Солардың бірі – Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғыны Сейсенкүл Кыдырбаева. Ол «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 7,9 миллион теңге жеңілдетілген несие алып, жаңа жылыжайды іске қосты.
Тыңнан кәсіп бастаған ауыл тұрғыны 255 шаршы метрді құрайтын жылыжайдан күніне 100 келіге дейін қияр жинап, қала мен ауыл тұрғындарын табиғи өніммен қамтамасыз етеді. Ал, күз айы басталысымен қызанақтың да алғашқы өнімдерін сатуға шығармақ.
Кәсіптің көзін тапқан азаматша ауылдың 3 адамын тұрақты жұмыспен қамтыған. Алдағы уақытта үздіксіз өнім алу науқанын енгізу мен лимон өсіруді қолға алу жоспарында бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!