Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы мен Басқармаға қарасты облыстық тілдерді оқыту орталығы жауапты мамандарының қала, аудандарға іссапары басталды.
Іссапардың негізгі мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, ономастика және көрнекі ақпарат мәселелеріне қатысты Қызылорда қаласы мен аудандарда зерделеу, әдістемелік көмек көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2024 жылғы 5-14 тамыз аралығына белгіленген көшпелі семинар Арал ауданынан бастау алып, ауылдық округтерде зерделеу жұмысын жүргізді.
Семинар барысында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Л.Есім мен Орталықтың оқу-әдістемелік бөлім басшысы Г.Сембиева баяндама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Іссапар жалғасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!