Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«64 миллионға жетті» – Олимпиада ойындарының қаралым көрсеткіші белгілі болды

30.07.2024, 10:10 202

Олимпиада ойындарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан екі күнде 4 миллион 400 мың адам тамашалады

Тікелей транлсляцияларды 3 323 232 адам телеарналар эфирі арқылы көрсе, ресми сайттар мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы 1 076 768 көрермен тамашалаған.

27-28 шілде күндері «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары спорттың 6 түрі бойынша 48 сағат эфир таратты.
Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты отандық 5 телеарнадан көрсетілді. «TNS Central. Asia» зерттеу компаниясының дерегі бойынша қазақстандықтардың басым бөлігі ресми ашылу шарасын «Qazaqstan» телеарнасының эфирі арқылы көрген. 4 сағатқа жалғасқан эфирдің рейтингтік үлесі 15,4 %-ды құрады. Ашылу салтанаты одан бөлек, телеарналардың Tik-Tok ресми парақшасы арқылы трансляцияланып, 4 сағат ішінде 200 мыңнан астам аудитория жинады.

Қазақстандық спортшылардың нәтижелері бойынша әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда жарияланған контенттердің екі күн ішіндегі жалпы қаралымы – 64 миллионға жетті.

Олимпиада ойындарының көрсетілімдері 11 тамызға дейін жалғасады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өз көрермендерін Парижде сынға түсіп жатқан отандық спортшыларды эфир арқылы әрі қарай да қолдауға, жанкүйер болуға шақырады.

@qazaqstantv

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: