Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Абиба Әбужақынова қола медаль үшін күресте жеңілуінің себебін айтты, деп жазады Olympic.kz.
«Жарақат болса да шыдайтын едім, сол қателік… Қарсылас (швециялық Тара Бабулфатты айтады – ред.) өте қолайсыз, тиімсіз. Әдіс жасатпайды, лақтыра алмайсың. Қаншама әрекет жасадым, бәрібір өзінікін істедім. Қарсылас біліп тұр, сол үшін аяқтан теуіп тұрды», – дейді көзіне жас алған Абиба.
Айта кетелік, Әбужақынова Олимпиада ойындарында алғашқы бестікке енді.
Фото: Сали Сабиров
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!