Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Білім ұйымдарының жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

11.07.2024, 18:10 248

HALYQLINE.KZ

Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов пен қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Мылтықбайқызы облыс орталығындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан №211, №212, №217, №222, №253 мектептердегі құрылыс жұмыстарын бақылады. Бұл туралы Қызылорда қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Басқарма басшысы А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебінің күрделі жөндеу жұмысынан бастады. 1989 жылы қолданысқа берілген білім ордасының сыртқы әрлеу жұмыстары, ауызсу, кәріз жүйесі мен жылу жүйесі құбырлары тозып, есік-терезесі ескірген. Жөндеу жұмыстарын жүргізуші – мердігер «Орион LTD» ЖШС. Бұл мекеме №212, №222, №253 мектептерге де күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Нысанды аралап көрген Асқарбек Темірбекұлы құрылыс сапасына мән беру керегін айтты.

№212 мектеп – гимназиясы 1968 жылы қолданысқа берілген. 760 оқушыға арналған білім ордасы бойынша 2021 жылыжоба-смета жасалынып, 2024 жылдың 26 мамырынан бастап күрделі жөндеу жүргізуде. Ал, 1990 жылы ашылған Т.Рысқұлов атындағы №222, №253 орта мектептерінде биылғы жылы алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Б.Шалғынбаев атындағы №217 мектепке 1970 жылдан бері енді күрделі жөндеу жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме – «Промстройсервис Е» ЖШС.

Басқарма басшысы жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталып, білім ордасы жаңа оқу жылына дейін сақадай сай болуын тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: