Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жұрттың қыздары не жеп Олимпиада чемпионы болады?

12.06.2024, 9:15 284

Фото: vesti-online.com

Былтыр Астанаға жарысқа келген косовалық Нора Гяковамен сөйлесіп, жақын таныстым.

31 жастағы Нора Гякова – дзюдодан Токио олимпиадасының чемпионы. Әлем чемпионатында қола және Еуропа чемпионатында 1 алтын, 4 қола медаль ұтқан. Еуропа ойындарында 1 күміс пен 1 қола медалі бар.

Косова Жапонияда өткен олимпиадаға екі-ақ спортшы жіберген. Дистрия Красники мен Нора Гякова екеуі Токиода алтын медаль ұтқан. Тәуелсіздігін 2008 жылы алған Косова Токио олимпиадасында Туын екі рет желбіретіп, Әнұранын екі мәрте шырқатқан. Біздікілер Токиоға 27 спорт түрінен 96 спортшы болып барып қатысып, Туымызды желбірете алмады, Әнұранымызды шырқата алмады.

Жұрттың қыздары алтын медаль алса, жерлестеріміз 8 қола алды. Тәуелсіздігімізді алғанымызға 32 жыл болды. Әлі күнге дейін қазақ дзюдошылары бір алтын да алмаған. Әйгерім Тоқсанбек айтқандай: Олар дамып кетті. Біздер бір орында тұрып қалдық». Бірақ федерация басшыларына бәрібір сияқты?

Токио олимпиадасында екі алтын ұтқан косовалық екі дзюдошы биыл Францияда өтетін Олимпиадаға қатысады. Кейде соларға қызығам, әлі тұрмыс та құрмаған, бірақ олимпиада чемпионы. Ал біздің қыздарымыз, олимпиада былай тұрсын, әлем мен Азия чемпионатының алтынын ала алмай жүр.

Әйтеуір Ұлттық құраманың спортшылары әлем және Азия чемпионаты, Азия ойындары және «Grand Slam» турнирлеріне 15-20 немесе 30 спортшы барып 1 қола медальмен елге келеді. Бұл жүрісімізбен алтынның ауылы алыс секілді.

Айбек Мұханов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: