Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Француз қызы алтын медаль ұта ала ма?

27.05.2024, 15:55 283

Биыл – олимпиада жылы. Өз жерінде болатын Париж олимпиадасына француз дзюдошылары да қатысады. 25 жастағы Сара Л.Сизик те олимпиаданың алтынын алуы мүмкін.

Былтыр Grand Slam Astana-2023 турниріне 42 елден 334 дзюдошы келіп қатысқан еді. Онда 57 келіде француз спортшысы С.Леони Сизик чемпион атанды. Сол кезде Сизикпен танысып быраз сұрақтың астына алдым.

Биыл өткен сайыстарда C.Л.Сизик «Grand Slam Paris»-де – қола, «Grand Slam Dushanbe»-де – күміс, «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирінде қола медаль жеңіп алды. Бірақ БАӘ астанасы Әбу-Дабиде өткен 37-ші әлем чемпионатына Л.Сизик барған жоқ. Олимпиадалық рейтингте Сизик 5120 ұпаймен 4-орында. Көш басында Криста Дегучи мен Жессика Климент (Канада) және Рафаель Силва (Бразилия) бар. Ал олимпиадалық рейтингте үздік 20 немесе 25-те тұрған бір елден бір ғана спортшы қатыса алады.

Жақында Әбу-Дабиде 57 келіде оңтүстік кореялық 21 жасар Мими Хух су жаңа әлем чемпионы атанды. Финалда екі дүркін әлем чемпионы Криста Дегучиді әжесі, анасы және туған сіңлісінің көзінше жеңіп кетті. Өте аянышты. Криста бикешті татамиде М.Хух аямады. Қос спортшы он екі минут бойы күресті. Кәріс қызы мықты, шаршамайды екен. Қайсар корей қызы Парижден І, ІІ және ІІІ орынның біреуін алады-ау. Өткендегі күресін «Qazsport» арнасынан көріп осындай ой түйдім. Біздің Әбиба да солай күрессе ғой. Жарыстарда шаршап қалады, асығады және кейде жылдамдық жетпей қалады Әбибаға. Егер Әбиба әзір тұрмысқа шығып кетпесе, Елдос Сметов секілді жеті немесе сегіз әлем чемпионатына бара алады.

Француз Сара Леони Сизикке жанкүйер боламын. Әлемнің және Қазақстанның дзюдошыларын 27 шілде мен 2 тамыз күндері Францияның Париж олимпиадасында көреміз.

Айбек Мұханов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: