Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін «Ұлы дала жорығы-2024» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары марапатталады

23.05.2024, 10:35 217

HALYQLINE.KZ

 «Ұлы Дала жорығы-2024» эпикалық марафон-бәйгенің жеңімпаздары бүгін белгілі болады.

Бүгін, 23 мамырда Астана тұрғындары мен қонақтары «Ұлы дала жорығы» көпкүндік марафон-бәйгесінің майталмандарын салтанатты түрде марапаттау рәсіміне куә бола алады. Салтанатты іс-шара сағат 19:00-де Көкшетаудан қалаға кіреберістегі экопосттың жанында орналасқан «Құлагер» монументінде өтеді.

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Биыл жол қашықтығы 500 шақырымды құрады және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтыды.

Жеңімпаздардың марапаты: Бас жүлде – 15 000 000 теңге, 2 орын – 10 000 000 теңге, 3 орын – 5 000 000 теңге.

Сонымен қатар, алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.). 

Жобаның ұйымдастырушылары: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен «JORYQ» федерациясы.  

Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі.

Ақпараттық серіктестер: «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары.

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.

Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb – JORYQ, Instagram – joryqofficial, Tik-Tok – JORYQ, youtube – JORYQ.

Осы шараға аккредитация сұрақтары бойынша + 7 777-214-01-71 нөмірі бойынша Рауан Есқалимен хабарласуларыңызды сұраймыз.

Құрметпен, «Ұлы дала жорығының» ұйымдастыру комитеті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: