Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ұлы дала жорығы-2024»: үшінші кезең жеңімпазы – Жетісу облысы

22.05.2024, 22:00 219

HALYQLINE.KZ

21 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 15 команда Павлодар облысындағы Төртқұдық елді мекенінен Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекеніне аттанды.

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, үшінші кезеңнің мәресі Торғай елді-мекені маңында аяқталды.  

Үшінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.

Өкінішке қарай, үшінші кезеңде Шығыс-Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды.

Үшінші кезеңде Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Абай, Павлодар, Ақмола, Ұлытау облыстарынан екі аттан, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласынан бір-бір аттан жарысқа жарамсыз деп танылды. Алматы қаласы мен  Жамбыл облысы бес атпен жарысқа шығады. Жалпы 22 мамырда 3-кезеңді 14 команда жалғастырады.  

100 км:

  1. Жетісу облысы – 06:57:11
  2. Маңғыстау облысы – 07:30:48
  3. Алматы қаласы – 07:35:52
  4. Қостанай облысы – 08:18:54
  5. Жамбыл облысы  – 08:24:30
  6. Астана қаласы – 08:35:16
  7. Қарағанды облысы – 09:24:28
  8. СҚО – 09:32:21
  9. Ақмола облысы – 09:53:57
  10. Түркістан облысы – 10:42:08
  11. Абай облысы  – 10:45:39
  12. Ұлытау облысы – 11:14:30
  13.  Павлодар облысы  – 12:48:13
  14. «Рекорд» командасы.

300 км: ЖАЛПЫ НӘТИЖЕ

  1. Жетісу облысы – 19:41:06
  2. Маңғыстау облысы –  20:13:16
  3. Алматы қаласы – 20:31:38
  4. Жамбыл облысы  – 21:44:47
  5. Қостанай облысы – 21:48:55
  6. Астана қаласы – 23:08:36
  7. Қарағанды облысы – 23:49:23
  8. Ақмола облысы – 24:21:23
  9. СҚО – 25:09:07
  10. Түркістан облысы – 26:26:44
  11. Абай облысы  – 26:29:16
  12. Ұлытау облысы – 28:13:15
  13. Павлодар облысы  – 28:59:26
  14. «Рекорд» командасы.

Жеңімпаздардың марапаты: Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін  халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.). 

Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы.  

Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі.

Ақпараттық серіктестер: «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары.

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.

Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb – JORYQ, Instagram – joryqofficial, Tik-Tok – JORYQ, youtube – JORYQ.

БАҚ-пен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша + 7 777-214-01-71 нөмірі бойынша Рауан Есқалимен хабарласуларыңызды сұраймыз.

Құрметпен, «Ұлы дала жорығының» ұйымдастыру комитеті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: