Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдариялық ауылдарда көшелер жөнделіп жатыр

26.04.2024, 14:55 259

HALYQLINE.KZ

Жол-көлік саласын дамытуда Сырдария ауданында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Оның қатарында Қалжан ахун ауылындағы Қайқы батыр көшесі бар.

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Қайқы батыр көшесіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігер мекеме «Орда Автодор» ЖШС-нің өкілі атқарылып жатқан жұмыстарды атап көрсетті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 153 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар 2024 жылдың сәуір айында басталды. Қазіргі уақытта көшеге тас жабындысы (ГПС) төселіп, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, көше бойына жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Бүгінде көше бойында 3 каток, 7 «КАМАЗ» автокөлігі, 1 асфальт төсеу техникасы (асфальтоукладчик) жұмыс істеуде. Негізі, көше жолының ұзындығы 1,8 шақырымды құрайды.

Аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды сапалы және мерзімінде атқаруды ескертті. Жол жабындысын қалың төсеп, жаяу жүргіншілер жолының да сапасына мән берді. Бұл жұмыстарды тиісті сала басшысына тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Бұдан бөлек, ауданда Қоғалыкөл елді мекеніндегі А.Құнанбаев, И.Мақсұм, Ә.Айзунов, А.Есмахов, Шымбай, С.Майқанова көшелерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды «Қызылорда жолдары» ЖШС атқарып, жалпы 2,8 шақырым жол жөнделу үстінде. Сонымен қатар, С.Сейфуллин ауылында да 6 көше, атап айтқанда, Қ.Әбдірей, Бәйтен батыр, Сәрке батыр, Е.Қосбармақұлы, Шортанбай би және А.Іскендіров көшелері күрделі жөндеуден өткізілуде. Мердігер мекеме – «Орда Автодор» ЖШС.

Айта кетейік, өткен жылы аудан бойынша жол саласына барлығы 32 жобаға 3,5 млрд теңге қаржы бөлініп, облыстық, аудандық маңызы бар және ауылішілік 78 шақырым жол жөнделді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 99 пайызы, ауылішілік жолдардың 76 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жетті.

Ал биыл 1,7 млрд теңгеге жолдар жөнделуде және жаңа шағын аудандардың инфрақұрылымдық жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: