Президент Әкімшілігінің алқа отырысында Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров үкімет мүшелеріне тойға қатысуға тыйым салды. Бұл туралы 24.kg басылымы хабарлады.
Қырғызстан премьер-министрінің айтуынша, ел президентінің барлық жарлығы мен тапсырмасы сапалы әрі уақытылы орындалуға тиіс.
Сондай-ақ ол Садыр Жапаровтың бұған дейін мал союға және тойлардағы ысырапшылдыққа тыйым салу туралы қаулысына жеке тоқталды.
«Егер бір жерде ысырапшылдыққа жол беріліп жатқанын көрсеңіздер, ол жерге бармаңыздар. Тойда жүрмеңіздер», – деді Ақылбек Жапаров.
Басылымның жазуынша, 2022 жылдың ақпанында Қырғызстан президенті іс-шаралар өткізу бойынша шектеулер енгізу туралы жарлыққа қол қойып, заң күшіне енген болатын.
Бұл заңның мақсаты – азаматтардың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейін көтеру, сонымен қатар қоғамның рухани атмосферасына теріс әсер ететін діни рәсімдерді және өзге де іс-шараларды өткізу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу.
Дереккөз: kaz.nur.kz
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!